Ақмола облысында тұрғындарды жаппай вакцинациялау басталды
Көкшетауда «РИО» сауда-ойын-сауық орталығы мен Мемлекеттік кірістер департаментінде жылжымалы егу пункттері ашылды. Терапевт дәрігер мен егу медбикесінен тұратын 1 қалалық емхананың мобильді егу бригадасы кушеткалар, ыңғайлы дивандар орнатылған және тоңазытқышпен жабдықталған кабинеттерде орналасқан.
Бұл халық үшін тестілік негізде тұрақты түрде жұмыс істейтін болады. Вакцинациялаудан бұрын әрбір пациент қарсы көрсетілімдердің болуын анықтау үшін тексеруден өтеді. Бас санитарлық дәрігер Айнагүл Мусинаның айтуынша, жаппай егу бірінші кезекте сауда орталықтарында, базарларда, ұйымдастырылған ұжымдарда, облыс орталығының өнеркәсіптік кәсіпорындарында жүргізіледі.
«Бізде тұмауға қарсы жаппай вакцинациялаудың оң тәжірибесі бар, біз 10 күн ішінде эпидемиологиялық маусымда 80 мыңға жуық халықты егеміз. Бүгінде облыста бұл үшін барлық ресурстар бар. Сондай-ақ, нормативке сәйкес күніне бір жылжымалы егу пункті 40 адамға дейін, емханаларда 60 адамға дейін қабылдай алады», - деп түсіндірді Айнагүл Мусина.
Кәсіпкер Игорь Смелянский вакцинациядан кейінгі жағдайы туралы айтты.
«Мен өзімді керемет сезінемін. Мен вакцинаны тіпті ойланбастан алуға шешім қабылдадым. Бүгін жұмыста біз алатынымызды жарияладық және мен бірден келістім. Өйткені, бұл ең алдымен біздің қауіпсіздігіміз, денсаулығымыз, отбасымның денсаулығы. Тығыз жұмыс кестесіне байланысты менде жиі уақыт жоқ. Мұндай пункттердің ашылуы халық үшін өте ыңғайлы», - деп атап өтті ол.
Айта кетейік, 1 ақпаннан бастап Ақмола облысы бойынша 6,2 мыңнан астам адам вакцина алды. Бірінші кезекте мұғалімдер, полицейлер, педагогтар мен дәрігерлер егілді. 10 сәуірден кейін облыста тағы 24 мың дозадан тұратын партия күтуде. Өңірде қолайсыз реакциялар тіркелген жоқ.