Ақмола облысында туризм саласы қалай дамып келеді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Бүгін, 27 қыркүйек-Дүниежүзілік туризм күні. Кәсіби мереке қарсаңында Ақмола облысы туризм басқармасының басшысы Андрей Подгурский ҚазАқпарат тілшісіне өңірде туризм саланың дамуы мен алдағы жоспарлары туралы айтып берді.
None
None

– Андрей Иванович, пандемияның күрделі кезеңінде Ақмола облысында туризм саласы қалай дамып жатыр. Осы туралы айтып берсеңіз.

– Ақмола облысында туризм саласы ерекше орын алады. Өңірдің туристік кластеріне туризм саласындағы 500-ден астам кәсіпорын кіреді. Мұнда «Бурабай», «Бұйратау» және «Көкшетау» үш мемлекеттік ұлттық табиғи парк, Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы (әлемдегі ең Солтүстік Қызғылт фламинго популяциясы), сондай-ақ, 900 тарих және мәдениет ескерткіштері бар.

Облыста 73 туристік маршрут жұмыс істейді, оның ішінде Көкшетау, Бурабай, Зеренді, Қорғалжын және Ерейментау аудандары мен Біржан сал ауданының тарихи және киелі орындары қамтылған. Коронавирустық пандемияның туризм саласына теріс әсеріне қарамастан, аймаққа 2020 жылы 500 мыңнан астам адам келіп, өткен жылдардағы туристік сапарлардың деңгейін сақтап қалды.

Статистика органдарының алдын ала деректеріне сәйкес, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Ақмола облысы бойынша қызмет көрсетілген келушілер саны 317,8 мың адамды құрады, оның ішінде орналастыру орындарында тоқтатылғандар саны – 55,6 мың адам. Туристік сапарлар бойынша көрсеткіш ішкі туристер есебінен жыл соңына дейін 600 мыңнан астам адамға жетуі мүмкін. Орналастыру нысандары 1,9 миллиард теңге сомаға қызметтер көрсетті, бұл өткен жылғы көрсеткіштерден 55,8 пайызға жоғары.

– Қандай нысандар туристер арасында ең танымал?

– Мемлекет назарына Қазақстанның інжу-маржаны «Бурабай» жыл сайын жаңа жарқын «фишкаларға» ие болуда. Бұл, ең алдымен, курорттың бірегей жерлеріне тек отандық ғана емес, сонымен қатар шетелдік туристерге де кең қол жетімділікті ашатын инфрақұрылым. Қазақстандағы алғашқы ашық аспан астындағы «Ботай – Бурабай» этнокешені ерекше қызығушылық тудырады, ол Қазақстан даласында жылқының қолға үйретілуінің ежелгі тарихын ашады. Әлемде баламасы жоқ «Бурабай» халықаралық трамплин кешені де демалушылар үшін қызықты. «Абылайхан» экспозициялық кешені бүгінгі күні туристерді тартатын жаңа орынға айналды, сондай-ақ айналасында аттракциондары бар шолу дөңгелегі, «Discovery» аумағында іске қосылған аквапарк бар.

– Сіз айтып өткендей, қазір бізде ішкі туризм бар...

– Иә, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан туындаған жағдайлар ішкі туризмнің әлеуетін арттыруға мүмкіндік берді. Шекаралардың жабылуы кәсіпкерлерді демалыстың жаңа түрін – перспективалы бағыттардың бірі болып табылатын глэмпингті дамытуға итермеледі. Ағымдағы жылдың маусым айында «Жәкібаева» ЖК «Лес и Звезды» туристік нысаны ашылды, ол Жүкей көлінің маңында орналасқан. Демалыс аймағында 10 тентхаус бар. Олардың әрқайсысында 2-ден 5 адамға дейін орналаса алады. Шілде айынан бастап қонақтарды «Байбосынова» ЖК «Орбита Жүкей» жаңа глэмпингтік аймағы қарсы алды, онда «Бурабай» ұлттық паркінің қарағай орманы мен таза Жүкей көлінің панорамалық көрінісі бар жеті сала орналасқан.

– Щучье-Бурабай курорттық аймағында (ЩБКА) қандай жобалар жүзеге асырылуда?

– Биыл ЩБКА шаруашылығын дамытуға 7,8 миллиард теңге бөлінді. Облыс әкімдігі «BI-Group» компаниясымен бірлесіп Бурабай кентінің рекреациялық кластерінің жобалық тұжырымдамасын әзірледі (отель-спа, бюджеттік қонақ үй, аквапарк, спорт кешені, тақырыптық парк). Сондай-ақ, «Bergutty» компаниясы Медициналық және демалыс орталығын салуды көздейтін Koktal town көпсалалы паркінің «Бақыт аралы» жобасының тұжырымдамасын әзірледі. Жобаны Жүкей көлінің жағасында жүзеге асыру жоспарлануда.

Өңірдің туристік инфрақұрылымдық кешенін дамыту үшін 2021 жылы жалпы инвестиция сомасы 6,7 миллиад теңгені құрайтын 22 жобаның жалпы сомасы 1,6 миллиард теңгені құрайтын 7 жоба іске асырылды, олардың екеуі ең маңыздылары. Бұл «Wyndham Garden» қонақ үйінің («Зерновая индустрия – Астана» ЖШС) құрылысы және «AQBURA Resort» отбасылық үлгідегі курорттың құрылысы. Қазіргі уақытта Бурабай кентінің туристік инфрақұрылымына инвестиция салуға дайын ірі компаниялармен (BI Group, Hilton Hotels & Resorts, Sembol Construction, Radisson Hotel Group, Bazis Holding Company, КГС Сауда) келіссөздер жүргізілуде.

– ЩБКА-дан басқа, Ақмола облысы қандай туристік демалыс аймақтарымен мақтана алады?

– Өңірлік деңгейдегі туристификациялау картасының топ-50 нысанына кіретін Зеренді курорттық аймағы өңірдің туристік әлеуетін дамытудағы маңызды объект болып табылады. Туристік өнімнің қолжетімділігін қамтамасыз етуге өңірдің курорттық аймақтарының туристік объектілерін аумақтық байланыстырған «Щучье – Зеренді» автомобиль жолын пайдалануға енгізу елеулі үлес қосты. Курорттық әлеуетті дамыту үшін Зеренді курорттық аймағын дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспары өңірлік деңгейдегі бағдарламалық құжат қабылданды.

Сондай – ақ, Елорда маңындағы туризм аймағы (Ақкөл, Аршалы, Ерейментау, Қорғалжын, Целиноград, Шортанды аудандарындағы демалыс күнгі туризм) және Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы (экологиялық және ғылыми туризм) ерекшеленеді. Елорда маңындағы аудандардың аумағында 642 миллион теңге инвестиция сомасына бес жобаны іске асыру басталды, оның ішінде 20 глэмпинг орнату, «Эко ферма» құрылысы (Ақкөл ауданы), «Таза бұлақ» демалыс аймағының өндірістік қуатын кеңейту және жол бойындағы сервис нысанның құрылысы (Целиноград ауданы) бар. Мұнда туризм қызметтерін ұсынатын абаттандырылған демалыс аймақтарының желісі жұмыс істейді, оның ішінде «Бейбарыс» демалыс базасы (Аршалы ауданы), «Family Garden» демалыс аймағы (Ақкөл ауданы), «Алтын қырғауыл», «Балқарағай», «Green Park» демалыс орталығы (Целиноград ауданы) және басқалары.

– Туристер Ақмола облысындағы демалыс туралы барлық қажетті ақпаратты қайдан таба алады?

– Өңірдің туристік өнімін ілгерілету шеңберінде күн сайын әлеуметтік желілерде (Instagram, Facebook) Ақмола облысының туристік өнімдерін ілгерілетуге бағытталған жарнамалық графикалық контент орналастырылады. Ақмола облысының туристік әлеуеті туралы жаңартылған 3-тілдік (қазақ, орыс, ағылшын) сайт жұмыс істейді (<url> www.visitaqmola.kz). анықтамалық-ақпараттық жолсілтемені, QR-кодты сканерлеу, бағалары мен байланыстары бар танымал маршруттарды қамтитын «Visit Aqmola» мобильді қосымшасы жұмыс істейді.

Сондай-ақ ақпараттық дүңгіршектерге арналған оффлайн-бағдарлама әзірленді (Нұр-Сұлтан қаласының «Нұрлы жол» теміржол вокзалының ғимараты, Көкшетау қаласының әуежайы, Көкшетау қаласының теміржол вокзалының ғимараты, Бурабай кентіндегі «Бурабай даму» ЖШС визит-орталығы). Әлеуметтік желілерде өңірдің туристік және инвестициялық тартымдылығын ілгерілету бойынша «Беймәлім Ақмола» травел-жобасын іске асыру жалғасуда.

Жүргізіліп отырған саясат туристік өнімді саралауға, нөмірлік қорды кеңейтуге және орналастыруды қамтамасыз етуге, 2025 жылға қарай 1,5 миллион адамға болжанатын туристік ағынды ескере отырып, өңірдің туристік саласын дамытуға жаңа серпін береді деп санаймын.

– Мерекеге орай әріптестеріңізге не айтқыңыз келеді?

– Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Ақмола облысының туризм индустриясы қызметкерлерінің 5 мыңдық армиясын кәсіби мерекесі-Дүниежүзілік туризм күнімен шын жүректен құттықтағым келеді. Бизнесте сәттілік және туристер саны арта беруін тілеймін!

- Сұхбатыңыз үшін рахмет.


Авторы: Оксана Матасова.


Соңғы жаңалықтар