Ақмола облысында туризм саласының қызметкерлері марапатталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда «Ақмола облысындағы туризмнің қоғамдық онкүндігі – 2021» аясында Дүниежүзілік туризм күніне арналған салтанатты шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.
None
None

Шараға өңірдің туристік саласының басшылары, қоғам қайраткерлері, туризм саласындағы мемлекеттік және жеке ұйымдардың басшылары, блогерлер, БАҚ өкілдері мен журналистер қатысты.

Жиналғандарды облыс әкімнің орынбасары Қанат Ыдырысов және «Kazakh Torism» ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Сәдуақасов құттықтады.

Шара барысында туристік және қонақ үй саласының белсенді қызметшілері ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мемлекеттік наградаларымен, сондай-ақ өңір басшылығының Құрмет грамоталарымен салтанатты түрде марапатталды.

Мерекелік бағдарламаны Ақмола облысының туризм саласындағы жетістіктері туралы көрме стендтері, өлкеміздің туристік әлеуеті туралы имидждік роликтердің бейне көрсетілімі, жарқын концерттік қойылымдар мен Көкшетау қаласының тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия толықтырды.


Соңғы жаңалықтар