Ақмола облысында Түркі кеңесінің жастар лагері жұмысын аяқтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Түркі кеңесі аясындағы жастардың жазғы лагері өз жұмысын аяқтады. Оған 100-ден астам адам қатысты, олар - Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан мен Түркиядан келген жастар ұйымдарының өкілдері, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Бір аптаның ішінде бірнеше семинар ұйымдастырылды. Сондай-ақ лагерьге жиналғандар ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласын талқылады. Елбасының Түркі әлемінің интеграциясына қатысты бастамалары да назардан тыс қалмады.

Жазғы лагерьдің жабылу салтанатына Халықаралық Түркі академиясының президенті Дарxан Қыдырәлі, «ҚазАқпарат» ХАА бас директоры Асқар Умаров, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі жастар саясаты департаментінің директоры Ғабидолла Оспанқұлов, сондай-ақ "Жас Отан" жастар қанатының, Астана қаласы мен Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармаларының  өкілдері қатысты. 

Шараны ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, «Жас Отан» жастар қанаты және Халықаралық Түркі академиясы ұйымдастырды.  

Айта кеткен жөн, Түркі кеңесінің алғашқы лагері өткен жылы Түркияда ұйымдастырылған болатын. Келесі лагерь Әзербайжанда немесе Қырғыстанда өтеді.

Соңғы жаңалықтар