Ақмола облысында ҰБТ нәтижелері белгілі болды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытынды нәтижелері белгілі болды,  деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Облыстық білім басқармасынан мәлім еткендей, 2018 жылдың 21-23 маусымы аралығында өткен ҰБТ-ға 3483 мыңнан астам ақмолалық түлек қатысты. Жалпы, биылғы жылы Ақмола облысында барлығы  4975 оқушы мектеп бітірді. ҰБТ 11 тестілеу пунктінде өтті. Оның 8-і облыстың əр өңірінде болса, 3-еуі Астана қаласында орналасқан.

Облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылы 782 түлек 100-ден жоғары балл жинады.

«Шортанды ауданындағы Степной орта мектебінің түлегі Нұргүл Сүлейменова ҰБТ-де 140 ұпайдың 137-іне қол жеткізді. Бұл облыс бойынша ең жоғары көрсеткіш. Ал 2990 түлек ең төменгі деңгей - 50-ден жоғары балл жинады»,  - деп көрсетілген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар