Ақмола облысында Универсиада алаугерлерінің есімдері белгілі болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Ақмола облысында универсиада алаугерлерінің есімдері белгілі  болды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА-нің тілшісі.

Ұйымдастырушылардың мəліметі бойынша универсиада алауының өтетін жолы 22 500-ден астам шақырымды құрайды  жəне оның 200 шақырымын алаугерлер жүріп өтпек.  Эстафета алауы қалған 22 300 шақырымды Алматыға  дейінгі жолда өткізеді.

29 қаңтарда  Универсиада-2017 іс-шарасының ресми ашылу салтанаты өтеді. Ал, 26 қаңтарда Көкшетау  қаласындағы Тəуелсіздік  алаңында сағат 10.00-де Универсиада алауын  тұтату  салтанаты өтеді.

Ақмола облысында алаугерлердің қатарында 2013  жылы Трентинода  (Италия) өткен  Бүкілəлемдік қысқы универсиаданың  чемпионы Татьяна Осипова, əйелдер  арасындағы бокстан əлем чемпионы Дина Жоламан, «Ерлігі үшін»  медалінің иегері, төрт баланы ажалдан  аман алып қалған полиция сержанты  Данияр Аманжол, облыстық жастар  ресурстық орталығының жетекшісі  Тимур Ысқақов, қоян-қолтық ұрыс бойынша бапкер Дастан Рақымжанов  жəне   жоғары оқу орындарының  маңдайалды студенттері мен  халықаралық студенттік спорт  федерациясының өкілдері бар. 

Соңғы жаңалықтар