Ақмола облысында ұстаздар жатақханалы болды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында Целиноград ауданының 90 және Астананың 20 жылдығы аясында Мәншүк ауылында мұғалімдер үшін 5 пәтерлі жатақхана пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Шараға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова қатысып, қуаныш иелерін аймақ басшысы М.Мырзалиннің атынан құттықтады. Сонымен қатар, аудан әкімі Мәлғаждар Тәткеев сөз сөйлеп, құрылыс жұмыстарын жүргізген «BI Group» холдингінің басшысына алғысын білдірді.

«Мемлекет басшысының xалыққа арнаған бес әлеуметтік бастамасында жоғары білім берудің сапасы мен қолжетімділігін, сонымен қатар, бірінші кезекте студенттердің тұрғын-үй жағдайын жақсарту туралы тапсырма берілген болатын. Онда тек студенттерге ғана емес, мұғалім, дәрігер және әскери қызметтегі жас мамандардың да жағдайын қарастыру қажеттігі айтылды. Елбасының бастамасына қолдау ретінде «BI Group» холдингінің басшысы Бауыржан Исабаев «Туған жер» бағдарламасы шеңберінде жас мамандарға жатақхана салып берді», - дейді аудан басшысы М.Тәткеев.

null

Әкімнің айтуынша, кәсіпкер бар-жоғы 3 айдың ішінде 5 пәтерлі жатақхананы салып бітірген.

«Бұл аудандағы өзге де кәсіпкерлерге үлгі болады деп үміттенемін», деп толықтырды М.Тәткеев.

null

Соңғы жаңалықтар