Ақмола облысында үстіне «Биг бэг» қабы құлаған жұмысшы көз жұмды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында үстіне «Биг бэг» қабы құлаған жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысында үстіне «Биг бэг» қабы құлаған жұмысшы көз жұмды

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 маусымда сағат 03:33 Зеренді аудандық ПБ кезекші бөліміне жергілікті кәсіпорынның диспетчері хабарласып, жұмысшыны жүк тиелген полипропилен матасынан жасалған контейнер («Биг бэг» қабы) басып қалғанын айтты.

«Оқиғадан 48 жастағы ер адам көз жұмды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қылмыстық кодекстің «еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, бұдан бұрын Бурабайда 720 метр биіктікте жарақат алған жас жігіт құтқарылғанын жазғанбыз.