Ақмола облысында зейнеткер лифті шахтасына құлап кетті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 65 жастағы зейнеткер аурухана лифтісінің шахтасына құлап кетуіне қатысты іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысында зейнеткер лифті шахтасына құлап кетті

ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 28 қазанда сағат 16:00-лерде Ерейментау аудандық орталық ауруханасында болған. Аурханаға барған 65 жылғы зейнеткер абайсызда лифтінің ашық тұрған шахтасына құлап кеткен. Қарияны аурухана қызметкерлері бірден алып шықты. Алайда, 3 метрге жуық биіктіктен құлаған ол түрлі дене жарақатын алып, аурханаға жатқызылды.

«Қазіргі кезде Ерейментау қаласының 65 жастағы тұрғынының аурхана лифтісінің шахтасына құлап кету оқиғасына байланысты ҚР ҚК 156-бабының 1-бөлігі бойынша (абайсызда адам денсаулығына орташа ауыр залал келтіру бойынша, қауіпсіздік техникасы ережесін бұзу) соталды тергеу амалдары жүргізілуде», деп түсіндірді ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәр Пинчук.