Ақмола облысында жабайы қабанды атып алған браконьер ұсталды

None
Фото: Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жабайы қабанды атып алған браконьер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылғы қаңтардың 23-де Сандықтау аудандық полиция бөліміне табиғатты қорғау полициясы тобының инспекторы хабарласып, Петровка ауылының шетінде белгісіз адам жабайы қабанды атып өлтірген айтқан.

«Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 337-бабының 1-бөлігі «заңсыз аңшылық» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде күдікті ретінде 30 жастағы тұрғын анықталды», - деді ведомстводан.

Тексеру барысында полиция қызметкерлері қабанның етін, тіркелмеген қос ұңғылы, тегіс ұңғылы 16 калибрлі ИЖ-27 маркалы қаруын тәркіледі.

Сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Айта кетсек, Ақмола облысында қос аққуды атып алған аңшы ұсталды.


Соңғы жаңалықтар