Ақмола облысында жаңа спорт кешені ашылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Сандықтау ауданында қазіргі заманға сай жабдықталған дене шынықтыру спорт кешені ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

null

Аудан орталығы Балкашино селосында қолданысқа берілген спорт нысанының ашылу салтанатына аймақ басшысы Мәлік Мырзалин қатысып, сандықтаулықтарды қуаныштарымен құттықтады. 180 келушіге арналған кешеннің құрылысы бюджеттен бөлінген 250 миллион теңгеге салынған.

null  

«Облыста спорттық инфрақұрылымдарды дамытуға зор көңіл бөлінуде. Қазіргі заманғы спорт алаңдары, стадиондар, дене шынықтыру жəне сауықтыру алаңдары салынуда. Жыл басынан бері облыста 35 спорт нысаны пайдалануға берілді. Жастардың спортпен шұғылдануына көңіл бөлінуде. Бұл жағынан алғанда Сандықтау ауданының спортшылары көш бастап тұр», - деді облыс  әкімі құттықтау сөзінде.

null 

Кешеннің ашылуына қатысқан аймақ басшысы спорт нысанының ішін аралап көрді. Ғимаратта футбол, фитнес алаңдары және жабық бассейін бар. Қазіргі кезде аудан орталығында 200 орындық мектептің құрылысы жүргізілуде. Аудан əкімі Асылбек Исмағамбетов осы мектептің жаңынан шағынаудан тұрғызу жоспарланып отырғандығын атап өтті.

null 

Сапар барысында Мәлік Мырзалин бірқатар əлеуметтік-өндірістік нысандарды аралап көрді, сондай-ақ, аудан активінде өңірдің 2017 жылдың тоғыз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларын саралап, алдағы міндеттерді белгіледі. 

null 

Соңғы жаңалықтар