Ақмола облысында жасөспірім тоқ соғып көз жұмды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Атбасар ауданында мектеп оқушысы тоқ соғып көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысында жасөспірім тоқ соғып көз жұмды

Қайғылы оқиға Ирченко теміржол стансасында тіркелген.

«Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 344-бабының 2 бөлігі (теміржол көлігін пайдалану немесе қозғалыс қауіпсіздігі ережесін бұзу) бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Ведомстводан атап өткендей, өзге мәліметтер тергеу амалдарына байланысты әзірге жарияланбайды.