Ақмола облысында жасөспірімді зорлаған үш күдікті қамауға алынды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Целиноград ауданының үш тұрғыны жасөспірімді зорлағаны үшін күдікке алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында жасөспірімді зорлаған үш күдікті қамауға алынды

Ведомствоның мәліметінше, Целиноград ауданының Қараөткел ауылының кәмелеттік жасқа толмаған тұрғынына қатысты 2019 жылдың желтоқсаны мен биылғы жылдың маусым аралығында сексуалдық сипаттағы әрекет орын алған.

«Жасөспірім анасының арызы ҚР ҚК 122 бабының 2 бөлігі бойынша (он алты жасқа толмаған тұлғамен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы әрекет) сотқа дейінгі тергеу тізіліміне енгізілді, 2020 жылдың 13 маусымында Целинград аудандық ПБ түсті», - деп атап өтті ведомстводан.

Сол күні үш күдіктітінің кім екені анықталды. Олар -Целиноград ауданының 25-26 жас аралығындағы тұрғындары.

«Тиісті тергеу амалдары жүргізіліп, күдіктілердің жасаған қылмысқа қатысы бары анықталды. Қылмысты тергеу шаралары шеңберінде соттық сараптама тағайындалды. Күдіктілер ұсталып, Целиноград аудандық ПБ уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Қазіргі кезде, қылмыстық іс ҚР ҚК 120 бабының 4 бөлігіне (зорлау) ауыстырылды. Іс Ақмола облыстық ПД басшылығының жеке бақылауында»,- деп толықтырды ведомстводан.