Ақмола облысында Жастар күні ерекше аталып өтілді

Көкшетауда облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова «Көкшетау автобус паркі» ЖШС-де жұмыс істейтін жастармен кездесті. Бүгінде кәсіпорында 200-ден астам адам еңбек етеді, олардың шамамен 30 пайызы жастар. Өңір басшысының орынбасары жастарды мерекемен құттықтап, оларға естелік сыйлықтар табыс етті.
«Туған өңірдің ғана емес, бүкіл еліміздің болашағы сіздер сияқты жас мамандардың қолында. Бүгінгі Жастар күні сіздердің шығармашылық және кәсіби дамуда табысты қадамдарыңызбен, қоғамдық, спорттық және әлеуметтік саладағы жетістіктеріңізді атап өту біз үшін қуаныш. Еліміздің болашағын жарқын және жігерлі жастар айқындайды», - деп атап өтті құттықтау сөзінде Айна Мысырәлімова.
Облыстық жастар ресурстық орталығы жастар ұйымдарының белсенділерімен және еріктілермен бірлесе отырып, өңір жастарын құрметтеу бойынша құттықтау акцияларын ұйымдастырды. Онда жас ғалымдар, дәрігерлер, мұғалімдер, кәсіпкерлер, Төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері, өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлері, жүргізушілер, полицейлер, әлеуметтік қызметкерлер, сондай-ақ көпбалалы отбасылар құттықталды.
«Aurora Garden» демалыс аймағында облыстың жастар ресурстық орталығы республикалық жаттықтырушы - сарапшыларды шақыра отырып, аудандар мен қалалардың жастар ресурстық орталықтарының директорларына, жастар қоғамдық бірлестіктерінің көшбасшыларына және волонтерлерге арналған «Youth Camp Aqmola-2021» оқыту лагерін ұйымдастырды. Іс-шара барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өтті.
«Қатысушыларға тәжірибе алмасу, түрлі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу дағдыларына оқыту мүмкіндігі берілді. Лагерь өз жұмыстарын, жобаларын таныстыруға және шығармашылық әлеуетін ашуға арналған әмбебап алаң болып табылады», - деп бөлісті «Көкшетау студенттер Альянсы» КҚ жетекшісі Дастан Ермеков.
Жастар күніне арналған іс-шаралар облыстың барлық аудандары мен қалаларында өткізілді. Олардың қатарында белсенді жастарға құрмет көрсету, зияткерлік ойындар, бейнеқұттықтаулар, түрлі құттықтау акциялары бар. Шараға барлығы 5 мыңнан астам жас қатысты.