Ақмола облысында «Жастар Отанға!» жол картасы бекітілді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында Жастарды қолдауға арналған «Жастар Отанға!» жол картасы бекітілді. Бұл туралы аймақ басшысы, облыстық партия филиалы төрағасы Ермек Маржықпаевтың қатысуымен өткен «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы жанындағы Саяси кеңес бюросының кезекті отырысында айтылды. Кеңесте 2025 жылға дейін «Жас Отан» жастар қанаты Ақмола облыстық филиалының «Жастар - Отанға!» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Жол картасын бекіту туралы мәселе қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысында «Жастар Отанға!» жол картасы бекітілді

Бүгінгі таңда Ақмола облысында 153 мыңнан астам жас тұрады. Бұл облыстың барлық тұрғындарының 20 пайызын құрайды. Оның ішінде қалалық жастар – 45, ауыл жастары – 55 пайыз. 2020 жылы жастар саясатын іске асыруға бюджеттен 468 миллион теңге қаржы бөлінген. Облыстың барлық қалалары мен аудандарында «Жас Отан» жастар қанатының филиалдары, жастар ресурстық орталықтары және жастар бірлестіктері жұмыс істеуде.

Кеңесте айтылғандай, «Жастар-Отанға!» бағдарламасында 2025 жылға дейін ұйымның жаңа мақсаттары мен міндеттері анықталып қана қоймай, сонымен қатар Ақмола облысында жастар саясатын жүзеге асыру қызметіне сапалы талдау жасалады.

«Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалының «Жас Отан» жастар қанатының жетекшісі Сұлтанбек Бекешев өз баяндамасында бұл бағдарлама облыста белсенді түрде жүзеге асырылып жатқандығын атап өтті.

«Жұмыспен қамту жастар саясатындағы басты мәселе болып қала бермек. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі бүгінде 3,4 пайызды құрап отыр. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017- 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 1769 адамды жұмыспен қамтылды. 85 адам қысқа мерзімді курстарда оқыды. 28 адам грант, 8 адам микрокредит алса, 142 адам «Bastau Business» жобасы бойынша оқып, сертификат алған. Бұл үлкен көрсеткіш»,- деді Сұлтанбек Бекешев.

Бүгінгі таңда студент жастарға ерекше назар аударылуда. «Дипломмен - ауылға!» жобасы сәтті жүзеге асырылуда. Соның арқасында мыңдаған жас маман жұмыс тауып қана қоймай, ауылдағы мамандардың жетіспеушілігімен проблеманы шешуге көмектесуде. «Дипломмен ауылға!» жобасы аясында республикалық бюджеттен 2021 жылға ауылдық елді мекендерде жұмыс істеу және тұру үшін келген әлеуметтік сала мен агроөнеркәсіптік кешеннің 339 маманына мамандарына 1 483,6 миллион теңге бюджеттік несиелер және 179,8 миллионға көтерме жәрдемақы берілген.

2021 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша 1078 миллион теңге 368 көтерме жәрдемақы төленді. 652,3 миллион теңгеге 154 бюджеттік несие берілді.

Жыл сайын жоғары оқу орындарының студенттеріне облыстық бюджеттен 150 грант, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларына облысқа республикалық бюджет есебінен 120 грант бөлінеді. Бүгінгі күні 230 студент жалпы сомасы 107 миллион теңгеге Ақмола облысы әкімінің жеке стипендиясының иегерлері.

Алдағы уақытта 5 білім беру ұйымына 2850 орындық студенттік жатақхана салынып, өткен 2020 жылы А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде 500 орынға арналған жатақхана құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

«Жас Отан» жастар қанатының сонымен бірге шығармашыл жастарға қолдау көрсетіп келеді. Жыл сайын дарынды жастар арасында байқаулар өткізіп, волонтерлік жобалар жүйелі түрде жүзеге асырылауда. Облыста 3 мыңнан астам еріктілер қызметке тартылған. Жастар ресурстық орталықтарының жанынан 74 волонтерлік орталық жұмыс істеп тұр.

Жасотандықтар Covid-19 пандемиясына қарсы күрес кезінде де өздерін белсенді көрсете білді. Тұрақты негізде «Жас Отан» жастар қанатының еріктілері «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары шеңберінде әлеуметтік мұқтаж адамдарға, зейнеткерлерге, көп балалы отбасыларға, мүгедектерге атаулы көмек көрсетті.

COVID-19 пандемиясы кезінде «Жас Отан» жастар қанатының еріктілері «Дарігерлерді ардақтайық!» акциясын ұйымдастырып, дәрігерлерге қолдау көрсетті. Облыс бойынша 1000-нан астам дәрігерге пайдалы тағамдар, жемістер мен витаминдер бар пакеттер таратылды.

Жол карталарын қалыптастыру аясында қалаларда да, ауылдық жерлерде де 80-ге жуық кездесулер өткізілді. Кездесулер жастардың барлық санаттары қамтылып, студенттер, жастар ісі жөніндегі комитеттердің басшылары, қоғамдық пікір көшбасшылары, спортшылар, жұмысшы жастар, мектеп оқушылары, шығармашыл жастар «Жастар Отанға!» бағдарламасын іске асырудың 2025 жылға дейінгі 20 жол картасын әзірлеуге қатысты. (1 облыстық, 2 қалалық және 17 аудан).

Өңірлік жол картасында 6 бағыт бойынша 27 индикатор мен 60 шара жоспарланған. Жол картасында көрсетілген барлық индикаторлар партияның және «Жас Отан» жастар қанатының тұрақты бақылауында болады.

Жол картасының негізінде жастардың өзекті мәселелері көтеріліп, оларды шешудің тиімді жолдары ұсынылған. Жалпы 2025 жылға дейінгі«Жастар-Отанға!» бағдарламасы жас өрендерді жан-жақты қолдаудың негізі болады деп күтілуде.

Отырыс қорытындысы бойынша Саяси кеңес бюросының мүшелері «Жас Отан» жастар қанатының Ақмола облысы бойынша 2025 жылға дейінгі«Жастар - Отанға!» бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасын бекітті.