Ақмола облысында жазасын өтеушінің қашуының жол кесілді

деп хабарлайды аймақтың ҚАЖК департаментінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің өкілі Ирина Горнованың хабарлауынша, Степногор қаласының шетінде орналасқан Зауыт поселкесіндегі қатаң тәртіптегі колонияның 25 жастағы жазасын өтеушісінің қашу әрекеті бүгін 2 сағат 52 минөтте орын алды.
Күзет тірегінің күзетшісі қырағылық танытып, қылмыскерге ескерту ретінде бірнеше дүркін аспанға оқ атты. Бірақ қылмыскер ескертуді маса шаққан құрлы көрмегендіктен, күзетші қаруын қылмыскерге бағыттайды. Нәтижесінде, аса қатігездікпен бірнеше адамды өлтіргені үшін 19 жылға бас бостандығынан айырылған қылмыскер жер жастанды.
Биылғы жылы Ақмола облысында қылмыскерлердің түрмелер мен колониялардың қашуға әрекет етуінің бұл екінші фактісі, деп атап өтті И.Горнова.
Жедел ақпарат бойынша, республика аумағында 2010 жылдың басынан бері қылмыскерлердің қашуының бұл бесінші фактісі екен.