Ақмола облысында жедел жәрдем шақыру 6,8 пайызға төмендеді
Ақмола облыстық жедел медициналық көмек көрсету станциясының бас дәрігері Александр Высоцкийдің айтуынша, облыста халық саны 784 508 адамды құрайды. Халыққа жедел медициналық көмек көрсету үшін бір қалалық, 19 аудандық қосалқы станция және 17 жедел медициналық көмек бөлімшесі бар. Облыстық жедел жәрдем станциясының қуатты тәулік бойы жұмыс істейтін 69 бригаданы, оның ішінде 9 дәрігерлік және 60 фельдшерлік бригаданы құрайды. Олар санитарлық автокөлікпен және медициналық жабдықтармен 100 пайыз қамтамасыз етілген.
«Биылғы жылдың тоғыз айында жедел медициналық көмекке 216 595 шақырту келіп түсті, олардың саны 6,8 пайызға төмендеді. Консультациялар саны 5,7-ден 7,7 пайызға дейін өсті. Орташа тәуліктік жүктеме бір бригадаға 12,4 шақырудан келеді», - деді Александр Высоцкий.
Жарақаттар бойынша 0,9 пайызға, тыныс алу органдарының аурулары бойынша - 6,3 пайызға, іш қуысының жіті хирургиялық аурулары бойынша - 2 пайызға шақыртулар өскені байқалады. Жүрек-тамыр жүйесі ауруларының үлес салмағы 22,5 пайызды құрайды.
«2022 жылдың 9 айында өңірде 683 жол-көлік оқиғасы орын алды (51 жағдайға ұлғайды), жол-көлік оқиғасы кезінде 981 адам зардап шекті, 798 адам стационарға жеткізілді, оның ішінде ауруханаға жатқызылғандар саны – 387. Жол-көлік оқиғасы кезінде 42 адам көз жұмды (4,3%), 2021 жылдың ұқсас кезеңінде – 47», - деп қосты Александр Высоцкий.
Жедел жәрдем бригадалары стационарларға 46 773 науқасты жеткізді, оның ішінде ауруханаға жатқызуға - 22 422 (47,9%), қабылдау бөлмесінде медициналық көмек көрсетуге – 24 351 (52,1%). Барлығы 19 764 адам ауруханаға жатқызылды.
«Медициналық авиация 275 шақыруға қызмет көрсетті, оның ішінде жерүсті автокөлігімен - 242, әуе көлігімен - 33. Бізде ескі әуежай аймағында орналасқан АН-2 көлігі мен ұшағы бар. Бұдан басқа, медициналық қызметкерлерді шұғыл медициналық көмек көрсетудің халықаралық стандарттары бойынша 100 пайыз оқыту жүргізілді. Сондай - ақ, жүргізушілер «қауіпсіз жүргізу» тренингіне 100 пайыз дайындалған», - деп түйіндеді Александр Высоцкий.