Ақмола облысында жедел жәрдем шақыру көрсеткіші төмендеді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жедел жәрдем шақыру көрсеткіші төмендеді. Бұл туралы Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Сыздықов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысында жедел жәрдем шақыру көрсеткіші төмендеді

Басқарма басшысының айтуынша, биылғы жылдың 25 ақпаны мен 3 наурызы аралығында өңірде 4469 жедел жәрдем шақыртуы тіркелген болса, 4-10 наурыз аралығында бұл көрсеткіш 4411 құрады немесе 0,7 пайызға төмендеді

«Пневмонияға байланысты шақырулардың 27,7 пайызға төмендеуі байқалады. Өткен аптадағы 36-дан 26-ға дейін. КВИ себебінен шақырулар саны 1,6 пайызға, яғни 60-тан 59-ға дейін төмендеді, оның ішінде 12 адам ғана ауруханаға жатқызылды (20,3 пайызы)», - деді Н.Сыздықов.

Көкшетау бойынша жедел жәрдем шақыру 1572-ден 1542-ге дейін, яғни 1,9 пайызға төмендеген. Бұл ретте КВИ себебі бойынша жедел жәрдем бригадасын шақыру 17,6 пайызға, яғни, 17-ден 14-ке дейін азайған. Осы уақыт ішінде COVID-19 диагнозымен облыс орталығының үш тұрғыны ғана ауруханаға жатқызылды (21,4 пайыз).

Сонымен қатар, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы атап өткендей, өңірде ЖРВИ жағдайына байланысты шақырулар өткен аптадағы 309-дан 332-ге дейін, яғни 7,4 пайызға артқаны байқалады.

«Облыста коронавирустық инфекция бойынша жағдай қолайлы болып қалуда, өткен тәулікте COVID-19 ауруының екі жағдайы ғана тіркелді. Өңірдің стационарларында 40 науқас КВИ-дан емделуде», - деп толықтырды Н. Сыздықов.