15:41, 31 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Ақмола облысында жел ғимараттың шатырын жұлып әкетті
АСТАНА. Қазақпарат - Аршалы ауданының Аршалы кентінде 30 желтоқсан күні 04:45-те күшті жел салдарынан (ұйтқуы 30 м/с-қа дейін) «АРЭК-Энергосбыт» ЖШС электр желілері аудандық учаскесінің екіқабатты әкімшілік ғимаратының 500 шаршыметр ауданы шатырын жұлып әкетті.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.