Ақмола облысында жел күшейеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада және Ақмола облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облысында жел күшейеді

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 7 мамыр күні Ақмола облысында түнде оңтүстік-батыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел күтіледі, ал күндіз өңірдің көп бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді, кей жерлерде екпіні - 23 м/с жетеді.

7 мамыр күні Астана қаласында оңтүстік-батыстан таңертең және күндіз қатты жел соғады, екпіні - 15/20 м/с жетеді.