Ақмола облысында жеңіл көлік пен КамАЗ-дың соқтығысуы салдарынан үш адам зардап шекті
АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жол-көлік оқиғасының салдарынан үш адам зардап шекті, деп хабарлады Ақмола облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.
«31 шілде күні сағат 11.00 шамасында «Астана-Петропавл» тас жолының 243-ші шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алды: жеңіл көлік жүргізушісі, Сәтбаев қаласының тұрғыны, 1953 жылы туған азамат Астана бағытында кетіп бара жатып, Татарстан Республикасының 48 жастағы азаматы жүргізіп келе жатқан КамАЗ транзит көлігімен соқтығысқан», - делінген ресми хабарламада.
Соқтығысу салдарынан жеңіл көлік аударылып, оның үш жолаушысы түрлі жарақатпен орталық аудандық ауруханаға жеткізілген.