Ақмола облысында жоғалған 9 жасар қыз табылды

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - 9 жасар қыз бала 23 қаңтарда түстен кейін үйден белгісіз бағытта кетіп, қайтып оралмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ-не сілтеме жасап.

Туыстарының айтуынша, қыз бала сағат 12-де сабаққа баруы керек еді, бірақ мектепке бармаған және жұмыста болған анасының қоңырауларына жауап бермеген.

Тәртіп сақшылары қыздың телефоны арқылы оның орналасқан жерін анықтады. Ол Астана қаласындағы сауда үйінде болған. Қыздың анасы бұл туралы Астанада тұратын әпкесіне хабарлады, ол бірден сауда нүктесіне келді.

Қыз бала сол жерден табылып, қазіргі уақытта туыстарымен бірге, оған қатысты ешқандай заңсыз әрекеттер жасалмағаны анықталды.


Соңғы жаңалықтар
telegram