Ақмола облысында жол апатынан 14 жастағы жасөспірім қаза болды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында 14 жастағы жасөспірім мерт болған жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысында жол апатынан 14 жастағы жасөспірім қаза болды

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қайғылы жол-көлік оқиғасы 22 қараша күні кешкі сағат 18:00 шамасында «Аршалы-Ижевск» автожолында болды. Жол апатынан 14 жастағы ұл бала көз жұмды.

«Қазіргі кезде, жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтау бағытында тиісті тергеу шаралары жүргізілуде. Өзге деректер тергеу мүддесіне орай жарияланбайды», - деді ведомстводан.