Ақмола облысында жол апатынан 43 жастағы әйел мерт болды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жол апаты 43 жастағы жолаушының өмірін қиып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысында жол апатынан 43 жастағы  әйел мерт болды

ІІД баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда,  жол апаты 23 қазан күні Зеренді ауданындағы Қызылтаң ауылының маңында болған.

«Көкшетау-Омбы» тас жолының бойында Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Талшық ауылының 57 жастағы тұрғыны  тізгіндеген  «Тойота Превия» көлігі көктайғақтың салдарынан жолдан тайып, қарсы бағытта жүріп келе жатқан «Опель Астра»  көлігімен соқтығысқан. Соңғы көліктің  рөлінде 46 жастағы Көкшетау қаласының тұрғыны отырған.  Жол апатынан «Тойота Превия» көлігінде болған жолаушы 1974 жастағы келіншек Ақмола облыстық ауруханасына жеткізіліп, сол жерде көз жұмды», -  делінген баспасөз хабарламасында.

Қазіргі кезде осы көлік оқиғасына байланысты бірқатар сараптама тағайындалып, ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өңір полицейлері көктайғаққа байланысты жүргізушілерді жолға шыққанда сақ болуға шақыруда.