Ақмола облысында жол апатынан екі адам опат болды

КӨКШЕТАУ. ҚазАкпарат- Ақмола облысының Жақсы ауданы аумағы арқылы өтетін «Алматы-Екатеринбург» тас жолының 943 шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алып, екі адам көз жұмды.

Ақмола облысында жол апатынан екі адам опат болды

Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

Оқиға қарашаның 9-ы күні күндізгі сағат 14:45 минут шамасында Жақсы ауданы аумағында орын алған. «Алматы-Екатеринбург» тас жолының бойымен келе жатқан «Zaz Chancе» жеңіл көлігі жолдың қарсы жағына шығып кетіп, «Ниссан максима» көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан алғаш аталған көліктің ішінде отырған Т.Исабеков пен Б.Исабекова жантәсілім еткен. Сонымен қатар өзге де 4 адам түрлі дене жарақатын алып, Жақсы аудандық ауруханасына жеткізілді.