08:39, 08 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Ақмола облысында «Жол картасы» аясында 520 жаңа жұмыс орны ашылды
КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысында Елбасының Жолдауы бойынша қолға алынған «Жол картасы» аясында 520 жаңа жұмыс орны ашылып,
жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен 304 адам іске тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Республикалық бюджеттен бірінші транш бойынша бөлінген қаржы Көкшетау мен Степногор қалаларының, 17 ауданның әлеуметтік қажеттілігіне жаратылды. Нәтижесінде 670 шақырым жол ретке келтіріліп, 28 жобаға сәйкес 56 әлеуметтік нысанда күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылды. Жалпы өткен мерзімде екі транш есебінен өңірдің әлеуметтік мұқтажына бір миллиард 161 миллион теңге бөлінді.