Ақмола облысында «Жол картасына» бюджеттен 5,3 миллиард теңге қарастырылып отыр

КӨКШЕТАУ. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова Щучье мен Көкшетау қаласында бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысып,
None
None
облыс активінің жиналысына қатысты, «Жол картасының» іске асырылуы төңірегінде ойымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Актив жиналысына қала және аудан әкімдері, ведомстволар мен басқармалар, кәсіпорындар мен мекеме басшылары, мемлекеттік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, ардагерлер кеңесі мен баспасөз өкілдері қатысып, күн тәртібіндегі мәселелер төңірегінде пікір алмасты. Кеңейтілген басқосуда облыс әкімі Альберт Рау Елбасының «Нұр Отан» ХДП 12-ші сьезінде сөйлеген сөзінен туындайтын мәселелерді тарқатып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық жетістігі мен алда тұрған міндеттерді тілге тиек етті. Өңірде «Жол картасына» байланысты бюджеттен 5,3 миллиард теңге қарастырылып отыр. Соған сәйкес айқындалған 125 әлеуметтік және тұрғын үй нысандарында жөндеу жұмыстары шешімін таппақ. Тұрғын үй бағдарламасына бөліген 2,5 миллиард теңге 39 жобаны орындауға бағытталады. Жаңа жылдан бастап индустриялық-инновациялық даму үрдісі қолға алынады. Онда өңдеу саласына басымдық берілген. Еңбекшілдер ауданында құс фабрикасының қуатын толықтай игеру көзделуде. Осы кезеңде «Васильков тау-кен комбинаты», «Қазақалтын» акционерлік қоғамдарының қуаты артып, Степногор тау-химия комбинатында ферромолибден өндірісі іске қосылады. Сондай-ақ жылдық қуаты 180 мың тонна күкірт қышқылы зауытының құрылысы қолға алынады. «Астана-Щучье» күре жолының құрылысы аяқталады. Актив жиналысына қатысқан министр ел экономикасындағы өңірдің алар орны, шешімін күткен мәселелер, әлеуметтік жағдай, жаңа жұмыс орындарын ашу, кадрларды қайта даярлықтан өткізу сынды келелі мәселелердің өз деңгейінде шешімін табуы қажеттігіне баса назар аударды. Сонымен қатар ауылдың тұрмыс-тауқыметін жеңілдету, мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету тұрғысында ынтымақты іс-қимыл таныту қажеттігіне тоқталды.
Соңғы жаңалықтар