Ақмола облысында жол-көлік оқиғасының салдарынан бір адам мерт болды, тағы бір адам ауруханаға түсті

АСТАНА. Қарашаның  12-сі.  ҚазАқпарат -   Ақмола  облысының Бурабай ауданында  жол-көлік  оқиғасының салдарынан   бір адам   мерт болды,  тағы  бір  адам     жарақатпен  ауруханаға  түсті, 

Ақмола  облысында жол-көлік оқиғасының салдарынан бір адам    мерт болды,  тағы  бір  адам ауруханаға   түсті

деп   хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз   қызметінен.

Жол-көлік оқиғасы сәрсенбі күні сағат 23.35-те   Көкшетау-Бурабай  тас жолының 42-ші шақырымында болды.  «БМВ»  және «ГАЗель» көліктері соқтығысып қалды.   Оқиға  салдарынан  «БМВ»  жүргізушісі   оқиға орнында  көз жұмды,   оның  жолаушысы    ауруханаға     жеткізілді.