Ақмола облысында жол учаскелері жабылуда

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақмола облысында сағат 13:00-ден бастап ауа райының нашарлауына (қар, бұрқасын, жолдың нашар көрінуі) байланысты «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» күре жолының 16-200 шақырымында, Нұр-Сұлтан-Павлодар облысының шекарасы учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.

Ақмола облысында жол учаскелері жабылуда

Сағат 13:00-ден бастап бастап ауа райының нашарлауына (қар, бұрқасын, жолдың нашар көрінуі) байланысты «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» күре жолының 200-254 шақырымында, Ақмола облысының шекарасы – Шідерті кенті учаскесінде көліктің барлық түрлеріне қозғалыс шектелді.

Бұған дейін хабарланғандай, қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің бірқатар өңірлерінде қозғалысқа шектеу қойылған болатын.