Ақмола облысында жолда қалған 64шетелдік жолаушы құтқарылды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының аумағында «Нұр-Сұлтан – Павлодар» тас жолында істен шыққан автобуста болған шетелдік 64 жолаушы құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аумақтық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның дерегі бойынша, ауа райына байланысты 24 желтоқсан күні таңертең «Нұр-Сұлтан – Павлодар» тас жолы уақытша жабылды. Аталмыш жолдың 109 шақырымында «Новосібір-Чиняевка» бағытында жүріп бар жатқан рейс автобусы істен шығып тоқтауға мәжбүр болды.
«Автобустың ішінде Ресей және Тәжікстан Республикасының азаматтары болды. Көлік сынғандықтан 64 жолаушы (оның ішінде үшеуі бала) жақын маңдағы Новомарковка орта мектебіне жайғастырылып, ыстық шәймен қамтамасыз етілді. Құтқару жұмыстарына 14 адам және 6 техника жұмылдырылды», - деді Ақмола облысының ТЖД бастығының орынбасары Қанат Доспаев.
Ведомство келтірген деректерге қарағанда, қыс басталғаннан бері Ақмола облысы аумағында 72 адам құтқарылды. 386 адам (оның 26-ы бала) жылыту орнына жеткізілді.