Ақмола облысында жүк тасымалдаушыларға 60 млн теңге айыппұл салынды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жүк тасымалдаушыларға 60 миллион теңге айыппұл салынды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте Ақмола облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары Жасұлан Маралбаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Оның айтуынша, 2017 жылдың 10 айында 700-ден астам әкімшілік материалдар жасалып, 60 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, 100 миллион теңге көлемінде ақша кіріс ретінде жиналды.

Көліктік заңнаманың бұзылуына  көбінесе ауыр салмақты жүк көліктерінің жүргізушілері жол береді.

"Аталмыш жүк көліктері құм, қиыршық тас жəне көмір тасымалдауда жиі қолданылады. Сондықтан, рұқсат етілген салмақтан артық жүк салу оқиғасы жиі орын алады. Ал бұл өз кезегінде жол қозғалысы ережесінің бұзылуына соқтырып, жолаушылар өміріне қауіп төндіреді", - деп атап өтті Жасұлан Маралбаев.

Айталық, көліктегі жүктің рұқсат етілген мөлшерінен асып кетуіне байланысты ҚР ƏҚбК 50-ден 1000 АЕК дейін, яғни, 100 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейін айыппұл қарастырылған. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум