Ақмола облысында жүкті әйел құтқарылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Ақмола облысында қар құрсауында қалған ауылдан жүкті әйел құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында жүкті әйел құтқарылды

Ведомствоның мәліметінше, 1 наурызында сағат 16:42 шамасында Бұланды аудандық 8- Өрт құтқару бөліміне Карамышенка ауылында жүкті әйел ауруханаға жете алмай отырғандығы туралы телефон арқылы жедел хабар түсті.

«Аталған мекен-жай бойынша құтқарушылар жедел жәрдем бригадасымен бірлесіп, жол талғамайтын ТРЭКОЛ көлігімен жолға шығып, жүкті әйелді 65 шақырымдағы Макинск қаласындағы перинатальдық орталыққа жеткізді.

Құтқарушылардың ширақ қимылының арқасында Карамышенка ауылының тұрғыны А.Сағынаева аман-есен құтқарылды. Қазіргі кезде ол дәрігерлердің бақылауында. Жүкті әйел мен оның ішіндегі баласына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», - дейді ведомстводан.




Фото: emer.gov.kz