Ақмола облысында жұмысшы өндірістік жарақат алды: полиция іс қозғады

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жұмысшының жарақат алуына байланысты іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысында жұмысшы өндірістік жарақат алды: полиция іс қозғады

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мамырдың 18-інде Целиноград аудандық ПБ–не Астана қалалық ауруханасына түрлі дене жарақатымен 35 жастағы жұмысшының түскендігі хабарланды.

«Белгілі болғандай, зардап шеккен ер адам аудан аумағындағы зауыттардың бірінде жүк тасымалдайтын лентаға құлап кеткен. Осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 156-бабы «еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта мемлекеттік еңбек инспекторы оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, бұдан бұрын да Ақмола облысында жұмысшының жарақат алуына байланысты тергеу басталғанын жазған едік. Онда жұмысшыны жүк көлігі қысып қалған болатын.