Ақмола облысында жүргізуші көлік астына түсіп мерт болды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «Нұр-Сұлтан-Петропавл» тас жолының бойында жүргізушіні көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында жүргізуші көлік астына түсіп мерт болды

Ведомствоның дерегі бойынша, жол апаты 27 қазан күні кешкілік уақыт 18:00 шамасында «Нұр-Сұлтан-Петропавл» тас жолының 176 шақырымда Қоғам ауылының тұсында болған.

«Дөңгелегі жарылған «Ауди 6» көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай жол шетіндегі қоршауға соғылған. Кейін жүргізуші көліктен шығып тұрғанда оны Нұр-Сұлтан қаласының 1956 жылғы тұрғыны тізіндеген «Renault Logan» көлігі соққан. Жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды», - деді Ақмола облыстық ПД баспасөз хатшысы Гүлнар Пинчук.

Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 345 бабының 3 бөлігі бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.