Ақмола облысында журналистерге құрмет көрсетілді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні аталып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
None
None

«Достар» мәдениет сарайында ұйымдастырылған салтанатты шарада БАҚ өкілдері арасында өткен облыстық «Алтын қалам» байқауының қорытындысы шығарылып, үздіктер марапатталды.  Осы ретте аймақ басшысының атынан құттықтау сөз сөйлеген Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова  журналистер қауымының еліміздің, облысымыздың дамып, өркендеуіне қосып келе жатқан үлестері орасан зор екенін атап өтті.

«Сіздердің кәсіби жоғары біліктіліктеріңіз бен өз істеріңізге деген адалдықтарыңыздың арқасында халықты ақпараттандыру деңгейі артып, адамдардың бір-бірімен байланыс аясы кеңеюде. Еліміздің  қол жеткізген жетістіктеріне журналистердің қосқан үлесі зор. Сіздердің таланттарыңыз бен іскерліктеріңіз, жоғары моральдық ұстанымдарыңыз Мемлекет басшысы алға қойған биік міндеттерді жүзеге асырып, Отанымыздың гүлденіп өркендеуіне одан әрі де көмектесе береді деп сенемін», - деді А. Мысырәлімова.

Салтанатты шара барысында, «Алтын қалам» байқауының қорытындысы шығарылды. Оған облыстағы республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері мен ардагер журналистер  бірнеше номинация бойынша қатысты. Байқау кезінде телевизия, баспасөз және электронды БАҚ саласындағы ең үздік деген шығармашылық жұмыстар таңдап алынды. Байқау жеңімпаздары 100 мың теңгенің сертификаты мен облыс әкімінің Алғыс хаты, диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар