Ақмола облысында жылына 210 тонна шұжық өндіретін цех салынуда

  КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат-Ақмола облысының Ақкөл қаласында жылдық қуаты 210 тоннаға арналған шұжық цехының құрылысы жүргізілуде, хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ақмола облысында жылына  210 тонна шұжық өндіретін цех салынуда

«ТП-1» ЖШС-нфң директоры Лиза Хамхоеваның айтуынша, жобаның құны 75 миллион теңге бағаланып отыр. Цехтың құрылыс былтырғы жылдың сәуір айында қолға алынып, 2017 жылдың наурызында іске қосу көзделген.
«Қаражатты өз қалтамыздан салып отырмыз. Кəсіпорын Ресей және Түркияның қазіргі заманғы қондырғыларымен жабдықталған. Мұнда шұжықтың 8 түрі шығарылатын болады. Өнімді негізінен Астана қаласы мен Ақмола жəне Қарағанды облыстарындағы сауда орындарына жеткізу көзделген. Қазіргі кезде іске қосу алдындағы дайындық жұмыстары жүргізілуде», дейді Л.Хамхоева. 

null