Ақмола облысындағы ауылға сырттан адамдар көшіп келіп жатыр

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Жарқайың ауданындағы Тасөткел ауылына биыл бес отбасы көшіп келген. Оның арасында Есіл, Арқалық және Өскемен қалаларынан қоныс аударған отбасылар бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ақмола облысындағы ауылға сырттан адамдар көшіп келіп жатыр

Тасөткел ауылын ұстап тұрған «Темірлан» ЖШС директоры Ерлан Алин ауыл тұрғындары демалыс орталығын да ашып берген. Қазір мұнда әртүрлі жастағы ауыл тұрғындары бос уақытын өткізе алады.

Сондай-ақ, ол жаңа қазандықтан екі орталық көше бойымен тұрғын үйлерге жылу құбырын салуда. Бұған ауылдың барлық өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандары, соның ішінде Ат спорты мектебі, сүт өңдеу цехы қосылады.

Іс-сапарымен келетін механизаторлар үшін жатақхана ғимаратын да қлапына келтірілді. Ауылда бос тұрған ғимарат жоқ, жұмысшылар мен мамандар үшін жаңадан екі пәтерлі үй салынды.

«Ауылдың жаңа тұрғындары үшін пәтер сатып алынды, оларды құрылысшыларымыз жөндеп, қыс мезгіліне жан-жақты дайындады. Барлығы риза сияқты. Шағым айтып жаатқан жоқ. Екі отағасы фермада, үшеуі мәдениет және жалпы білім беру салаларында жұмыс істеуге ниет білдірді. Бізге әр түрлі мамандар қажет, барлығы мамандық бойынша және жан-жақты жұмыс табады», - деп атап өтті Ерлан Алин.

Қоныс аударушылар қатарында - жергілікті мектепке мұғалімдер, жұмыс тәжірибесі бар клуб қызметкері, малшылар, егіншілер бар. Олардың өмір сүруі үшін барлық жағдай жасалып жатыр.

Арқалықтан Тасөткелге көшіп келген сауыншы Ирина Гусиева ауыл өзіне ұнаған айтады.

«Маған мұнда адамдарға қалай қамқорлық жасалып жатқандығы туралы айтқан бастапқы да сене алмадым. Кейін оған өзім жеке көз жеткіздім. Осында көшіп келемін деушілерге мұнда бәрі жақсы дегім келеді», - дейді Ирина Гусиева.