Ақмола облысындағы автокөлік жолдарында электронды белгі орнатылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысындағы автокөлік жолдарында электроны белгі орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысындағы автокөлік жолдарында электронды белгі орнатылды

Ақмола облысының ІІД мен «ҚазАвтоЖол»ҰҚ» АҚ бірлесіп өңірдегі автокөлік жолдарының қауіпті аумақтарына жүргізушімен кері байланыс ретінде 8 электронды белгі орнатты. Аталмыш аспап жүргізушіге айыппұл белгілемей ақ, жылдамдық көрсеткішін ескертеді.

Айта кетейік, аталмыш жол белгісінің 2-уі Бурабай ауданында, 2-уі Көкшетау қаласы мен Бірлік ауылында, 2-уі Зеренді ауданында және тағы 2-уі Целиноград ауданында орнатылды.

«...Аталмыш белгілер жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған, радар режимінде көлік жылдамдығын көрсетіп тұрады. Бұл жүргізушілердің назарын аударады. Жылдамдық шамадан асып кетсе онда қызыл түс, егер қалыпты болса онда жасыл түс жанады...», - деп түсіндірді Ақмола облысының ІІД ӘПБ аға инспекторы, полиция майоры Айбек Хасенов.

Сонымен қатар, аға инспектор Ақмола облысында полиция қызметкерлері жылдамдықты шамадан тыс асырған 12 500 астам жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартқанын атап өтті. Полицейлер жаңа аспаптың арқасында облыс аумағында жол апатының саны кемиді деп отыр. Алдағы уақытта да осындай жол белгілерін орнату жұмыстары жалғаса бермек.

Иллюстрациялық фото