16:40, 25 Ақпан 2021 | GMT +6
Ақмола облысындағы «Екатеринбург-Алматы» тас жолы ашылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, 25 ақпан күні сағат 16:30-да Ақмола облысындағы «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 1128-1247 шақырымы, нақтырақ айтқанда Астраханка ауылы мен Нұр-Сұлтан қаласы аралығында жол ашылды.
Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.
Министрлік таратқан мәліметтерге қарағанда, сондай-ақ бүгін сағат 16:10-да ауа райының бұзылуына (бұрқасын, жолды көрінбеуі) байланысты «Өскемен-Шемонаиха-Ресей шекарасы» автожолының 105-123 шақырымы, нақтырақ айтқанда Шемонаиха ауылы мен Ресей шекарасы аралығында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынды.