Ақмола облысындағы құрғақ шөптің жануы мың гектар аумақтан асып кетті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысындағы құрғақ шөп өртін сөндіру қиынға соғып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облысындағы құрғақ шөптің жануы мың гектар аумақтан асып кетті

ТЖМ мәліметінше, жалын Біржан сал атындағы ауданның Қайнар ауылынан 15 км жерде орын алды.

«Секундына 7 метрге дейін соққан жел мен ауа температурасының +38 градусқа дейін көтерілуі өрт сөндіру жұмыстарын қиындатуда.

Жағдайға кешенді бағалау жүргізілгеннен кейін жергілікті атқарушы органдар өрт алдын ала ауданының 1 100 гектарды құрайтынын анықтады.

Елді мекендерге қауіп жоқ», - деп мәлімдеді ведомстводан.

Өртті сөндіруге ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды.

­Өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардан орманды-дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауды сұрайды.