Ақмола облысындағы орта мектепте робот техникасы кабинеті ашылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ел Тəуелсіздігінің 25 жылдығына орай Еуразия ұлттық университеті Зеренді ауданының М.Ғабдуллин атындағы орта мектепке қазіргі заманға сай жабдықталған робот техникасы кабинетін сыйға тартты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-нің тілшісі.
None
None

Заманауи кұралдармен жабдықталған кабинетте оқушылар техникалық ғылымдардың қыр-сырын меңгеріп, робот құрастырумен машықтанатын болады. Шараға қатысқан аудан əкімі Асқар Мұратұлы жергілікті мектеп оқушылары жоғары технологиялық құралдарды меңгергетінін айта келе, игі іске қол ұшын созған Еуразия  ұлттық университетінің ұжымына алғысын білдірді. 

Аталған жоғары білім ордасының физикалық-техникалық факультетінің деканы Əбдірəш Ақылбеков университет тарапынан еліміздің келешегі жастардың өсіп-өркендеуіне, білім мен ғылымды меңгеру арқылы тұлға болып қалыптасуы үшін барлық жағдай жасалынып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, мектеп ұжымы жəне оқушыларын Тəуелсіздік мерекесімен құттықтады.
Өз кезегінде аталған мектеп ұжымы қонақтарға алғыс ретінде оқушылардың орындауындағы концерттік бағдарлама ұсынды.

Соңғы жаңалықтар