Ақмола облысындағы зират басынан балалар үйінің екі тәрбиеленушісінің асылған мүрделері табылды
АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - Степногорск қаласы ІІД кезекші бөліміне телефон арқылы зираттар аумағынан асылған күйіндегі екі жас баланың мүрдесі табылғаны туралы хабар келіп түскен. Бұл туралы Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
Белгілі болғандай, екі жас жігіттің бірі Жолымбет ауданы балалар үйінің тәрбиеленушісі, ал екіншісі Урюпинск балалар үйінің тәрбиеленушісі болып шыққан, олар Ақмола облысы Астраханка ауылындағы техникалық колледжінде оқыған. Мерт болған балалар осыдан бір апта бұрын астан уланып түскен аудандық ауруханадан қашып кеткен.
Жоғалып кеткен жас жігіттердің мүрдесін зират басына келген Степногорск қаласының тұрғыны көрген. Дереу зираттар директорына хабарлап, ол полицияға телефон соққан.
Оқиға орнынан қаза болғандардың құжаттары мен сырт киімдері табылған.
Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды, тексеру жүргізілуде.