Ақмола облысының 3 жобасы индустриаландыру картасына енгізілді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Целиноград ауданының әкімі Мәлғаждар Тәткеев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2018 жылғы қорытындысы мен биылғы жылдағы жоспарлары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Аудан әкімінің айтуынша, өңірде агроөнеркәсіп, цифрландыру, өнеркәсіп және кәсіпкерлік, тұрғын үй құрылысы, сумен жабдықтау, газдандыру саласында бірқатар жобалар қолға алынып отыр.

«Аграрлы саладағы жалпы өнім көлемінің 52 пайызын құрайды. Биылғы жылы ауыл шаруашылығы саласында 30,8 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Өткен жаздағы ауа райының қолайсыздығына қарамастан 281 мың тонна астық жиналды. «GREENSTAR» ЖШС - нің суару жүйесі арқылы әр гектардан рекорттық көрсеткіште 56 тонна картоп, 80 тонна көкөніс және 16 тонн жонышқа алынды. Сол себепті, ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері ағымдағы жылы 17 000 гектар алқапта жаңбыр және жайылма су жүйесін енгізуді жоспарлап отыр», - дейді Мәлғаждар Тәткеев.

Сонымен қатар, аудан әкімі өңірде цифрландыру мәселесі ерекше көңіл бөлінгенін атап өтті. Аудандағы «Астана-Өнiм» АҚ мен «Родина» ЖШС толық цифрландырылды. Ал, «Акмола-Феникс» АҚ нақтылы егіншілік технологиясын енгізіп отыр. Qoldau.kz электронды картасын қалыптастыру, жайлымдар мен шабындық жерлерді цифрландыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Өткен жылы Целиноград ауданындағы бәсекеге қабілетті үш жоба анықталып, Индустриаландыру картасына енгізілді. Нақтырақ айтсақ, «Құмтас АКК» ЖШС-нің құны 300 миллион теңге болатын бетон және бетон өнімдерін шығаратын зауыттың, «Сыдықбек» ЖШС-нің 958 миллион теңгені құрайтын сүт және сүт өнімдерін өңдейтін кешені және «Astana Ceramic» ЖШС-нің 3,8 миллиард теңге керамикалық тастар мен блоктар шығаратын зауытының құрылыстары бар», - дейді аудан әкімі.

Соңғы жаңалықтар