Ақмола облысының Аршалы кентіндегі түзету мекемесінде кәсіптік мектептің филиалы ашылады

АСТАНА. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Адамның білім және мамандық алуға деген конституциялық құқығын жүзеге асыру аясында ертең,

Ақмола облысының Аршалы  кентіндегі түзету мекемесінде кәсіптік мектептің  филиалы ашылады
Ақмола облысының Аршалы кентіндегі түзету мекемесінде өңірлік білім басқармасының «№14 кәсіптік лицейі» филиалының салтанатты ашылу рәсімі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Мекеме бастығының орынбасары Алексей Тереннің айтуынша, бұл шараға қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерімен қоса, Аршалы ауданы әкімінің орынбасары Талғат Мәмбетов, Ақмола облыстық білім басқармасының бастығы Мұрат Ыбраев, №14 кәсіптік лицейдің директоры Алексей Карманов қатысады. Бұл кәсіптік мектеп газ-электр дәнекерлеушілерін дайындайтын болады. Жылдың бірінші жартысында 40-қа жуық сотталушыны оқыту жоспарланып отыр. Ал алдағы жаңа оқу жылында әрқайсысы 20 адамнан тұратын 4 топ дайындалады, сондай-ақ қосымша жұмысшы мамандықтары да енгізіледі.