Ақмола облысының ауылында заманауи кабинеттері бар мектеп ашылды
Білім ордасының ашылуы салтанатына аудан әкімі Малғаждар Таткеев қатысып, оқушылар мен ұстаздарды осынау қуаныштарымен құттықтады.
120 орындық мектептің құрылысы Астана қаласына іргелес елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары аясында жүргізілген. Оны тұрғызуға 423,9 миллион теңге қаржы жұмсалды.
Мектеп кабинеттері заманауи технологиямен жабдықталып, олардың барлығына дерлік интерактивті тақталар орнатылған. Екі лингофонды сынып жұмыс істейді. Еңбек кабинеттері қыз балалардың қолөнерін дамытуға, іс тігуге баулитын жаңа тігін машиналарымен жабдықталған. Бұған қоса, үлкен спорт залы бар.
Нысанның жалпы аумағы 3440 шаршы метрді құрайды. Ғимарат автономды жылу беру жүйесіне қосылған. Əлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары тегін тамақтандырылатын болады.
Еске сала кетейік, 2010-2017 жылдар аралығында аудан бойынша 18 білім беру мекемесі (9 мектеп және 9 балабақша) пайдалануға берілді.