Ақмола облысының ЕАЭО елдерімен сауда айналымы өсті

Облыстық статистика департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, Ақмола өңірінің ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы жылдан жылға артып келеді.
«2017 жылдың қаңтар-маусымында Ақмола облысының ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 171,6 миллион АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт үлесі 44,2 миллион АҚШ доллары немесе 25,8 пайыз, импорт үлесі 127,4 миллион АҚШ доллары немесе 74,2 пайыз болды. Сонымен қатар, 2017 жылдың қаңтар-маусымында Ресей Федерациясына экспорт 37,7 миллион, импорт - 116,9 миллион АҚШ долларын құрады. Ал, осы мерзімде Беларусь Республикасына экспорт 0,1 миллион, импорт - 5,2 миллион АҚШ доллары болды. Сондай-ақ, осы аралықта көрші Қырғызстан Республикасымен жасалған сауда айналымы, оның ішінде экспорт 6,4 миллион, импорт - 5,3 миллион АҚШ долларына сәйкес болды», - деп жазылған хабарламада.