Ақмола облысының Ерейментау ауданында бір жастағы қыз бала қолқа қабынуынан шетінеді - Денсаулық сақтау министрлігі

АСТАНА. 26 қаңтар. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрлігі 24 қаңтарда Ақмола облысының Ерейментау ауданында бір жастағы қыз баланың қолқа қабынуынан шетінегендігін хабарлайды.

Ақмола облысының Ерейментау ауданында бір жастағы қыз бала қолқа қабынуынан шетінеді - Денсаулық сақтау министрлігі

Бала 22 қаңтарда сырқаттанған, анасы өздігінен емдеген. Ана 24 қаңтарда сағат 09.15-де баласының дене қызуы көтеріліп, іші өтіп, құсып, тамақтан бас тартқанын айтып дәрігерге жүгінген. Ол кезде баланың жағдайы өте ауыр болған. Сол жерде балаға қажетті медициналық көмек көрсетіліп, бала дәрігер және мейірбикемен бірге Ерейментау орталық аудандық ауруханасына жіберіледі. Бірақ бала жол үстінде, сағат 10.00-де шетінеп кетеді.

Мәйітті ашу кезінде анықталған диагноз: 2 жақты қолқаның күшті қабынуы.