Ақмола облысының əкімі Instagram-да жеке аккаунтын ашты
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының əкімі Мəлік Мырзалин Instagram əлеуметтік желісінде өзінің жеке аккаунтын ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Халықпен байланыс орнату мақсатында Instagram-да жеке аккаунт аштым: @malikmurzalin», - деп жазады аймақ басшысы өзінің Фейсбук парақшасында.
Жаңадан ашылған аккаунтта облыс әкімі бірқатар суреттер жəне видеолармен бөлісті. Оның ішінде «VeloBurabay-2018» веложарысы, Қазақстан халқының бірлігі күнгі салтанатты шара да бар.
Мəлік Мырзалин өзінің парақшасында облыс тұрғындарын мерекемен құттықтады.
Еске сала кетейік, өткен жылдың соңында Мəлік Мырзалин Фейсбук əлеуметтік желісінде өзінің жеке парақшасын ашқан болатын. Аймақ басшысының сөзінше, ақпараттық ашықтық арқылы қазақстандықтар Ақмола облысындағы мемлекеттік органдардың қызметі туралы біліп қана қоймайды, өз пікірлерін де білдіре алады.