Ақмола облысының қылмыстық полиция қызметкерлері ауыр қылмыстың бетін ашты

АСТАНА.  Қыркүйектің  7-сі. ҚазАқпарат -   Ақмола  облысында  қылмыстық полиция  қызметкерлері  Жаңа Қима  ауылының 47  жастағы тұрғынын   өлтіру  қылмысының бетін  ашты, 
None
None

 деп   хабарлады  Ақмола  облыстық  Ішкі істер  департаментінің  баспасөз қызметінен.

Қылмыс  тамыздың 22-сіне  қараған  түні  жасалған  болатын.   Таңертең   Жақсы аудандық  ішкі істер  бөлімінің кезекші   бөліміне  Жаңа Қима ауылының  тұрғыны қоңырау  шалып, көршісінің    денесін тапқанын     хабарлады. Кейіннен  анықталғандай,      ер  азаматтың    өліміне  бас-мидің ашық  жарақаты    себеп  болған  екен.  Оның  44 жастағы     көңілдес  әйелі,  Жаңа Қима ауылының    пошта  байланысы  бөлімінің бастығы    аудандық    аурухананың  жансақтау бөліміне ауыр  жағдайда түседі.

Қанішерлер  кісі  өлтіргеннен кейін пошта бөлімін тонамақ  болған,  ол үшін    пошта бөлімі бастығынан тартып алған  кілттерді   пайдаланған,  бірақ олар   екі миллион теңгеден астам сома    ақша жатқан  сейфті  аша алмаған.

Жедел-іздеу  шараларының барысында  38 жастағы жергілікті  тұрғын   ұсталды,  ол      кінәсін мойындап,  жауап беріп  отыр.   Кейіннен     полицейлер   оның 35 жастағы сыбайласын да  ұстады.    Олардың       тонау  қылмысын  алдын-ала    ойластырғаны анықталды.

Бұл факті  бойынша  қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар