Ақмола облысының мәдениет ұйымдарында бюджет қаражатын ұрлағандар анықталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы прокуратурасымен жүргізілген тексеру нәтижесінде облыстық мәдениет басқармасының құрылымдық бөлімшелерінен сыбайлас жемқорлық фактілері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, облыс прокуратурасымен жедел іздестіру іс-шаралары тағайындалып, оның нәтижелері бойынша «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ-нің (бұдан әрі - КММ) директоры және оның орынбасарының бюджеттік қаражатты жымқырғандығы расталды.

«Жұмыс орындарына жалған орналасу арқылы қылмыстық іс-әрекетке мекеменің ондаған қызметкерлері мен мекеме басшыларының туыстарының қатыстылығы анықталды.

Жалақы және басқа да төлемдер КММ-нің басшылығы және басқа да қызметкерлердің банктік шоттарына жалған арыздардың негізінде аударылып отырған», - деді ведомстводан.

Тексеру нәтижелері мен жинақталған дәлелдемелер сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне жолданды.

Екі ай ішінде қылмыстық істі тергеп-тексеру аяқталып, айыптау актісімен сотқа жіберілді.

«Көкшетау қалалық сотының 2021 жылғы 16 шілдедегі үкімімен мекеме директоры мен оның орынбасарына жалпы сомасы 3.8 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Аталған тұлғалар өмір бойы мемлекеттік қызметте және ұйымдарда қызмет атқару құқығынан айырылды.

Сот үкімі 2021 жылғы 3 тамызда заңды күшіне енді», - деп толықтырды ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар
telegram